Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

504 просмотра

Реклама

20-ғасырдағы Қазақстан тарихындағы әйелдер - жады нарративтері

Фото: QALAM Global

Құрметті достар, “QALAM Global дәрісханасы” проекті сіздерді 17 тамыз 2024 күні әйгілі қазақстандық саясаттанушы Камила Смағұлованың дәрісіне шақырады.

Дәріс тақырыбы: "20-ғасырдағы Қазақстан тарихындағы әйелдер - жады нарративтері"

ХХ ғасыр – дүниежүзілік тарих пен Қазақстан тарихындағы күрделі кезең. Екі дүниежүзілік соғыс, отаршылдық режимнің ауысуы, ең соңында, Тәуелсіздікке қол жеткізу – біз бұл белестерге ерлердің көзімен қарауды әдетке айналдырдық. Әйелдердің призмасынан қарасақ ше?

Біз көрнекті отандастарымыздың тағдырлары, олардың қандай сезімдер мен эмоцияларды бастан өткергені және біздің жадымыз бен жанымызда не қалдырғаны туралы әңгімелейтін боламыз.

Ел тарихындағы ең көрнекті әйелдер неге Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болғанын және Томирис патшайымының бұған қандай қатысы бар екенін талқылаймыз.

Педагог және дидактик Фатима Ғабитова, актриса Хадиша Бөкеева, журналист Нәзипа Құлжанова және тағы басқалардың әңгімелерін мысалға ала отырып, ХХ ғасыр әйелдерінің тағдырларына тоқталамыз.

Камила Смағұлова – ұлтшылдық пен мемлекет құру, тарихи жады мен азаматтық белсенділік сияқты үдерістерді зерттеуші.

Назарбаев Университетінде мемлекеттік саясат магистрі және саясаттану/халықаралық қатынастар бакалавры дәрежесі бар. Камила “Europe-Central Asia Monitoring” (Нидерланды)” бағдарламасының штаттан тыс зерттеушісі. Қазіргі уақытта ол PaperLab зерттеу орталығының ғылыми қызметкері және Lane Kirkland бағдарламасының стипендиаты (Польша).

Дәріс 17 тамыз 2024 күні өтеді.
Ақтөбе қаласы, “Jubanovtar alemi” шығармашылық орталығы, Mangilik El, 1А.

Дәрістің басталу уақыты 15-00.
Дәріс қазақ тілінде жүргізіледі. Қатысу тегін.

Димаш +7 707 490 1767
Айна +7 707 695 6117

QALAM Global – Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдениетіне арналған жаңа мультимедиялық жоба. Жобаның ерекшелігі – негізгі материалдарды (дәріс курстары, мақалалар) Қазақстан мен Канададан Оңтүстік Кореяға дейінгі басқа елдердің кәсіби тарихшылары мен жазушылары дайындайды. Біздің веб-сайт: https://qalam.global


"Женщины в истории Казахстана 20 века - нарративы памяти"

Дорогие друзья, проект «Лекторий QALAM Global» приглашает вас 17 августа 2024 года на лекцию известного казахстанского политолога Камилы Смагуловой.

Тема лекции: "Женщины в истории Казахстана 20 века - нарративы памяти".

ХХ век - сложный период в мировой истории и истории Казахстана. Две мировые войны, смена колониального режима и, наконец, обретение Независимости - мы привыкли смотреть на эти вехи глазами мужчин. А если посмотреть глазами женщин?

Мы поговорим о судьбах наших выдающихся соотечественниц, о том, какие чувства и эмоции они пережили, что оставили в нашей памяти и душе.

Мы обсудим, почему самыми знаковыми женщинами в истории страны стали Əлия Молдағұлова и Мəншүк Мəметова, и причем тут Царица Томирис.

Поговорим о судьбах женщин ХХ века на примере историй педагога и дидактика Фатимы Габитовой, актрисы Хадиши Бөкеевой, журналистки Назипы Құлжановой и других.

Камила Смагулова - исследовательница, изучающая такие явления, как национализм и национальное строительство, историческая память и гражданская активность.

Она имеет степень магистра государственной политики и степень бакалавра политологии/международных отношений Назарбаев Университета. Камила являлась внештатным научным сотрудником программы “Europe-Central Asia Monitoring” (Нидерланды)”. В настоящее время - научная сотрудница исследовательского центра PaperLab, стипендиатка престижной программы Lane Kirkland (Польша).

Лекция состоится 17 августа 2024 года.
Город Актобе, Центр творчества “Jubanovtar alemi”, Mangilik El, 1А.
Начало лекции в 15-00.
Лекция пройдет на казахском языке. Вход бесплатный.

Димаш +7 707 490 1767
Айна +7 707 695 6117 

QALAM Global — новый мультимедийный проект, посвященный истории и культуре мира, как они видятся из Казахстана и Центральной Азии. Особенность проекта - ключевые материалы (курсы лекций, статьи) готовят профессиональные историки и писатели из Казахстана и других стран, от Канады до Южной Кореи. Наш сайт: https://qalam.global


Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.